Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет Басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев «Адал адам» қалыптастыру идеясын көпке жеткізген болатын. Осыған орай Ақтөбе облысында акпараттық жұмыстар жүргізіліп, Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы бастамасымен Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының қолдауымен келелі кездесу өтті.
Кездесуге кәсіподақ жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері мен салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының мүшелері қатысты.Кездесу барысында қоғам назарындағы өзекті мәселе- тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жаңа заң т.б. мәселелер талқыланды.
Кездесуді Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының заң клиникасының жетекшісі,бас маман Жомарт Нұршекенов ашып, еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Мұхтарита Сағындықова спикер ретінде жүргізіп отырды.
Сонымен қатар Ақтөбе облысы әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Нұрсауле Жылқыбаева, ,Отбасы сақтау орталығының кәсіби мелиаторы Еркін Шукурова, облыстық мәслихаттың бөлім меңгерушісі Бақыт Жанша, Ақтөбе облысы бойынша адам құқытарын қорғау жөніндегі уәкіл Ақалқа Байдуллина т.б. қоғамдағы келеңсіз жайттардың алдын алу, отбасы құндылықтарын сақтау, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, зиянды әдеттер,нашақорлық, лудомания т.б. алдын –алу туралы өз ұсыныстарын,ойларын ортаға салды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті.Ақтөбе облыстық полиция департаментінің Жергілікті полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Ақгүл Қасанғалиева биыл жыл басынан отбасындағы қылмыс саны біраз артқанын атап өтті.
“Жыл басынан бері облыс бойынша отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты 16жайт тіркелді. Жалпы заңның негізгі мақсаты – тұрмыстық саладағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, адамдардың өздерінің әрбір әрекетіне деген жауапкершілігін арттыру”, – деп атап өтті Ақгүл Қасанғалиева.
“Отбасынан зәбір көрген әйелдерге облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен полиция қызметкерлері тұрақты түрде ақпараттық көмек беріп келеді.Осы орайда кәсіподақ жанындағы еңбекші әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшелері де өз үлестерін қосып,ақпараттық жұмыстарға белсенді үлес қосуда”, – деп атап өтті комиссия төрайымы.
Кездесуде жастарды адалдыққа,ел игілігі үшін адал еңбек етуге, өз еңбек құқықтарын қорғай білуге, қоғамды ізгілендіруге үлес қосуға бағытталған оң бастамалар айтылды.