Кәсіподақ қызметкерлер денсаулығын нығайтуға ат салысуда

Кәсіподақ – жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін, еңбек жағдайлары мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту мақсатында ұйымдасқан ұйым.

Бүгінде қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы құрамындағы Түркістан қаласы Хамза атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолында кәсіподақ жарғысына, ережелерге және жұмыс жоспарына сәйкес қызмет етіп келеді.

Кәсіподақ ұстаздардың құқығын қорғау, еңбек қатынастарын реттеумен шектелмейді. Кәсіподақ мүшелерінің денсаулығын нығайтуға да ерекше көңіл бөледі.

Игі үрдіс бойынша Хамза атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымы педагогтарды және қызметкерлерді емдеу-сауықтыру шараларымен қамтыды. Жазғы демалысқа шыққан ұстаздар мен қызметкерлер «Манкент», «Сарыағаш», «Біркөлік» және шетелдегі шипажайларында демалып келді.

Жазғы демалыс кезінде мектептің 30-дан астам педагогтері,кітапханашы мен кіші қызметкерлері демалып, ем қабылдады.

Сонымен қатар 2023-2024 оқу жылында кәсіподақ ұйымының 25 мүшесіне отбасылық жағдайына байланысты материалдық көмек көрсетілді.

Бұл – мұғалімдердің және қызметкерлердің мәртебесін көтерудің бір көрінісі.

Мектеп бастауыш кәсіподақ ұйымы әрдайым ұйым мүшесін толық қорғайды және түрлі мәселе бойынша көмек көрсетуге дайын.