Хромтаудағы өндіріс ошағында жаңа, тағы бір жағымды дәстүр бар. Әрине, корпоративтік шаралар мен мерейтойларда өндіріс ардагерлеріне құрмет көрсету өз алдына, қызметін абыроймен атқарып, зейнетке кетіп бара жатқан еңбек адамдарына тағы бір салтанатты шара өткізу артық етпейді.
ERG құрамына кіретін «Қазхром»ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры Нұрлан Саринжиповтың бастамасымен бұдан былай цехтың зейнетке шығатын қызметкерлерін басшылықтың қатысуымен салтанатты түрде құттықтап, лайықты демалысына шығарып салады.
Кәсіпорынның тау-кен ісі жөніндегі директоры Азат Бектұрғанов, комбинаттың персонал және мәдениет жөніндегі директоры Жарас Джандаулетов және кәсіподақ комитетінің төрағасы Елтай Өтеғұлов бірқатар зейнеткерлерге Дөң тау-кен байыту комбинатындағы ұзақ жылғы адал еңбектеріне алғыс білдіріп, Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Сондай-ақ зейнетке шыққан қызметкерлерін цех басшылары құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдіріп, еткен еңбектері үшін алғыстарын жеткізді.
⠀
– Құрметті әріптестер! Бүгін барлығымыз үшін ерекше күн. Лайықты демалыстарыңыз құтты болсын! Сіздермен комбинаттың Ардагерлер кеңесінің қатары толығып жатыр. Жастық шақтарыңызды өндіріске арнап, комбинатымыздың гүлденуіне үлестеріңізді қосып келдіңіздер. Тәжірибе мен білімдеріңіздің, шеберліктеріңіздің арқасында жас комбинаттықтарға үлгі бола білдіңіздер, – деді комбинаттың кәсіподақ комитетінің төрағасы Ельтай Утегулов.
⠀
Көңілге қуаныш пен қимастық сезімін ұялатқан бұл күн зейнет демалысына шығып бара жатқан қызметкерлеріміздің апта ортасындағы айшықты күндерінің бірі болары сөзсіз
Марапат иелеріне тоқталсақ:
⠀
-«Молодежная» шахтасының 4-санатты электровоз машинисі Сейілхан Ермекбаев
-Шахтаның оқпаншысы Татьяна Атамурадова
-жөндеу-құрылыс цехының 5-санатты тас қалаушысы Алдингар Артыков
-Электр цехының қосалқы станция электрмонтері Елена Фихт
-Тау-кен көлік тасымалдау цехының 5-санатты көлік жүргізушісі Ғабит Наурзалин
-№1 ұсатып-байыту фабрикасының диспетчері Гулбану Каналина
-Шахтаның сорғы қондырғысының машинисі Арыстан Қалдыбеков
-«Молодежная» шахтасының көтеру машинасының машинисі Ирина Федорова
-жөндеу-құрылыс цехының шебері Қыдырәлі Алмағанбетов
-Автокөлік және механизм цехының 4-санатты көлік жүргізушісі Орынбасар Медетов.