Теміржол саласының ардагері,велошабандоз Жұмабай Отарғалиев Орынбор- Ташкент темір жолының 120 жылдығы мен Хромтау-Алтынсарин темір жолының 20 жылдығы, Әйтеке бидің 380 жылдығы мен Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойына арнап сапарға шыққан болатын. Ол Ақтөбе вокзалынан шығып, Хромтау,Әйтеке би, Бершүгір станцияларынан өтіп ,Шалқар арқылы Қызылордаға бет алды. Әрі қарай Түркістан, Сарыағаш станцияларымен Өзбекстанға жетті.
Әр станцияда теміржолшылар ардагермен кездесулер ұйымдастырып, естелік суреттерге түсіп, оған мейлінше қолдау көрсетті.
Салауатты өмір салтын жанына серік еткен Жұмабай Отарғалиевты «Қазақстан темір жолы» ҰҚ АҚ «Батыс» филиалының кәсіподақ ұйымының төрағасы Ғабит Садықов құттықтап,мерейтой иесіне алғыс хат пен құрмет грамотасы сыйлық табыс етті.
Мерейтой иесі құттықтаушыларға ризашылығын білдірді.