«Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова мен Абай облыстық кәсіподақ орталығының төрайымы Зәуреш Исабаева «Абай облысы, Жарма ауданының мәдениет үйі» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Рамазанова Динарамен Кәсіподақтар үйінде кездесу өткізді.
Кездесу барысында Зәуреш Рамазанқызы Абай облыстық кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің жұмыс бағыттарына тоқталып, Заң клиникасы мен «Татуласу орталығы» («Татуласу орталығы» ММ) филиалының облыс халқына көмек көрсетуде және «Лайықты еңбек жылы» аясында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтауда, әлеуметтік әділеттілікті ілгерілетуде, жұмыс істейтін әйелдердің ұстанымын нығайтуда атқарылған құқықтық және консультативтік-кеңес беру жұмыстарына тоқталды.
Филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің өзекті мәселелеріне, олардың жұмыс берушімен өзара іс-қимылына, жастарды кәсіподақ қатарына тарту жұмысына, сондай-ақ жұмысшылардың әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кепілдіктеріне тоқталып өтті.
«Абай облысы, Жарма ауданының мәдениет үйі» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Динара Рамазанова ауылдық клубтарда білікті кадрлардың жетіспейтінін, сондықтан бастауыш кәсіподақ ұйымы оларға жанар-жағармай сатып алуға, жалдамалы пәтер ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсететінін атап өтіп, бұл мәселені шешу жолдарын бірге қарастыру туралы пікір білдірді.
Өз кезегінде Зәуреш Исабаева ағымдағы жылдың 25 маусымында Абай облысының әкімдігі, жұмыс берушілердің уәкілетті өкілдері және аумақтық кәсіподақ бірлестігі арасындағы 2024 – 2026 жылдарға арналған өңірлік қол қойылған келісім-шарт осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін құжат ретінде таныстырды. Мұндағы 5.2-тармақта: ауылдық елді мекендерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, ветеринариялық қызмет мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық шығындарды өтеуге мынадай мөлшерде: 2024 жылы – 12 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2025 ж. – 13 АЕК; 2026 – 14 АЕК қаражат қаралу қажеттігі мен оны жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімі негізінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілу керектігін де атап өтті.
Ал филиал төрағасы Гүлнар Оразбекова «Абай облысы, Жарма ауданының мәдениет үйі» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Динара Рамазановаға кәсіподақ мүшелерімен ұжымдық шарттың мазмұнын тағы бір рет талқылап, құжатқа жұмысшылардың пайдасына жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктерді енгізіп, Тараптар қол қойған түзетулерімен жаңа ұжымдық шарт қол қойылған күннен бастап бір ай ішінде мониторинг үшін облыстық еңбек инспекциясына тапсыруды ұсынды.
Кездесудің соңында «Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Абай облыстық филиалының төрағасы Гүлнар Оразбекова бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Рамазанова Динараға тұрақты, белсенді кәсіподақ жұмысы үшін алғысын білдіріп, жылдың соңына дейін кәсіподақ ұйымының мүшелеріне құқықтық- әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар ұйымдастыруды жоспарлады.