«Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кәсіподақтардың негізгі функцияларының бірі – кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, Жұмыс берушінің бұзған еңбек құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру рәсіміне белсенді қатысу болып айқындалған.
Күн сайын Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасының Павлодар филиалында Павлодар қаласында кәсіподаққа мүше азаматтарды қабылдау өткізіледі.
ҚРКФ Заң клиникасының Павлодар филиалының кері байланыс журналына өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерінің алғысы жазылды.

Жұмыс беруші қызметкердің БЖЗҚ-дағы дербес шотына 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде қызметкердің жалақысының 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) аударды. МКЗЖ есептеу кезеңін жұмыс беруші дұрыс есептемеген деп есептей отырып, қызметкер 2024 жылғы ақпанда кеңес алу үшін ҚРКФ Заң клиникасының филиалына жүгінді, онда оған келісім комиссиясына өтініш жасау бойынша құқықтық көмек көрсетілді. Кәсіпорынның келісім комиссиясының шешімімен қызметкердің өтініші қанағаттандырылды және оған 2016-2024 жылдар аралығында МКЗЖ аударылды.
Қазіргі уақытта өтініш беруші зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін алатын арнаулы әлеуметтік төлемдерге өтініш беруде.
