Еңбек еткен адамның әрқашан еңсесі тік, тапқан наны адал екендігі белгілі. Яғни, еңбек адамды мұратқа жеткізеді, тек еңбек еткен адам ғана оның шын мәніндегі жемісін көретіні анық.
Бұл ретте кәсіподақ мүшелерінің еңбегін елеп, ескерусіз қалдырмайтын кәсіподақ ұйымы тарапынан жазғы демалыс кезінде де дәстүрлі қолдау көрсетіліп отыр.
Ақтөбе қаласындағы кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының, облыстық білім беру мекемелері мен қосымша білім беру мекемелерінің кәсіподақ мүшелері оқу жылын ойдағыдай аяқтап, еңбек демалысын тиімді өткізіп жатыр.
Олар «Мерке», «Көктем», «Сосновый бор», «Айсары» сияқты еліміздің ең таңдаулы шипажайларында демалып, денсаулықтарын нығайтуда. Демалыс орындарында ем қабылдаудан бөлек спорттық ойындардан валейбол, теннис ойындары, таңертеңгілік гимнастика ұйымдастырылып, арнайы емдік жаттықтырулар жүргізіледі.
Биік белестерді бағындырып, асқақ абыройға бөленген кәсіподақ мүшелерінің ерен еңбектері қашан да лайықты бағаланары сөзсіз.