ҚРКФ Заң клиникасының филиалына өнеркәсіп кәсіпорнының бұрынғы қызметкері, қазіргі уақытта зейнеткерлікке шыққан Еңбек адамы көмекке жүгінді.
2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 қаңтарға дейінгі кезеңде зиянды еңбек жағдайларында алюминий тотығын тиеуші ретінде жұмыс істегені үшін компания «БЖЗҚ» АҚ Павлодар филиалындағы жеке шотына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармаған.
Оған кәсіпорынның келісім комиссиясына өтініш толтыру бойынша көмек көрсетілді. Зейнеткердің 2017 жылғы 1 сәуірден 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі талаптары заңды деп танылды, қалған жұмыс мерзімі қарастырылмады. Комиссия тарапы бұл жағдайды аттестаттық комиссияның қызметкер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасағанын растамаған деп түсіндірді.
ҚРКФ Заң клиникасында өтініш берушіге сотқа талап арыз жасауға көмектесті және сот ісінің барлық кезеңдерінде еңбек ардагеріне қолдау көрсетті.
2024 жылғы 13 тамызда Павлодар қалалық сотының шешімімен арыз талапкердің пайдасына қанағаттандырылды, сот кәсіпорынды 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 сәуірге дейінгі кезеңде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуға міндеттеді.
Арызданушы Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігінің Келісім орталығына барып, құқықтық көмек және кәсіподақ қолдауы үшін алғыс білдірді.