Еңбеккерлерге арнайы төлем алу туралы заңгерлік кеңес берілді

Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында биылдан бастап зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт бойы жұмыс жасайтын еңбеккерлерге 55 жастан бастап шартты зейнетке, яғни арнайы төлем алу құқығы туралы жан-жақты түсіндірілді.


Ақтөбе –өндірісті орталық. Тау-кен, өндірістік өнеркәсіп саласында еңбек ететін жұмысшылар заң бойынша өздеріне жаңама өзгерістерге сай тиесілі әлеуметтік төлемақылар туралы нақты мәліметтер ала алды.


Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының заңгері – заң клиникасының жетекшісі Жомарт Нұршекенов пен сақтандыру компаниясының Ақтөбе филиалының директоры Сымбат Темірбаева кәсіподақ ұйымы мүшелеріне жұмыс берушінің оларға жалақы үстінен төлем төлеуге, жұмыс уақытын қысқарту, қосымша еңбек демалысын беретін мүмкіндіктерін, оларға өз өмірлерінің қауіпсіздігі үшін сақтандыруға көңіл бөлуге баса назар аудару керектігін кеңінен баяндады.
Соңында жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.