Алматы қаласы Түрксіб ауданы «Д.Бабаев атындағы №115 жалпы білім беретін мектептің» «Ұстаз» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып 2017 жылдан бастап жұмысын Атымтаева Жулдызай атқарады. Жұмыс беруші мен қызметшілер арасындағы қарым қатынасты реттеп отыруда кәсіподақ ұйымдарының атқаратын рөлі зор.
Мектеп қызметкерлерінің құқықтарын қорғап,әлеуметтік қолдау іздеп, ұжымдағы ахуалды жақсартады. Кәсіподақтың қызметін заңмен реттеп оқу жүктемесіне,төлеуге қатысты нормативтік-құқытық қаулыларға, бұйрықтарға сүйеніп жұмысшының мүддесін қорғап, даудамайға араласып көптеген мәселелерді шешеді.Сонымен қатар тематикалық мерекелер ұйымдастырып, сыйлықтар ұсынып немесе жиналыстың шешімі бойынша кәсіподақ комитеті таза ауада саяхатқа шығарып, тимбилдинг ұйымдастырып жатады.
Әлеуметтік серіктестік аясында мектеп әкімшілігімен бірге мұгалімдердің сайыстарына, семинарларына кәсіподақ өкілдері белсенді қатысады. Елімізде еңбек қоғамын қалыптастыру үшін еңбектенуіміз керек. Міне, осындай білім және ғылым қызметкерлерінің жанашыры «Ұстаз» кәсіподақ ұйымы әрдайым қасымыздан табылып, демеулік көрсетіп отырады.