Әлеуметтік әріптестер тәжірибе алмасуда

Әлеуметтік әріптестікті дамыту шеңберінде Ақмола облысында салалық кәсіподақтар филиалдарының, жергілікті кәсіподақтар мен кәсіподақтар бірлестіктерінің көшбасшыларының, сондай-ақ Ақмола облысының Еңбек инспекциясы басқармасы өкілінің қатысуымен семинар-кеңестер жалғасуда.

«QazMed» салалық кәсіподағы семинарларға белсенді қатысады. Ақмола облысында «QazMed» салалық кәсіподағы «SENIM» жергілікті кәсіподағы атынан спикер ретінде төраға Серік Қабдушұлы Кәкенов қатысты.

Бұл жолы іс-шара Зеренді ауданында өтті, оған кәсіподақтардың бастауыш ұйымдарының мүшелері, сондай-ақ Зеренді ауданының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшылары қатысты.

Семинар алдында кәсіподақ өкілдері Зеренді ауданының әкімі Арсен Жақсылықовпен кездесті. Кездесу барысында қатысушылар Ақмола облысында және ауданда кәсіподақ қозғалысының дамуын талқылап, сондай-ақ алдағы бірлескен жұмыстың келешегі мен жоспарларымен бөлісті.

Семинар-кеңес тақырыптары өзекті және маңызды мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда кәсіподақ құру, кәсіпорындарда ұжымдық шарттар жасасу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шарттарын сақтау бөлігінде еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және т.б.

Кәсіподақ төрағалары өз қызметі, қол жеткізілген нәтижелер туралы хабардар етіп, жетістіктерімен, жоспарларымен бөлісті.