Конституция күніне орай мәдениет қызметкерлері марапатталды

Бүгін Шымкент қаласында Конституция күніне орай, ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы мәдениет қызметкерлерінің еңбектері еленіп, бірқатар мәдениет саласындағы үздіктеріне салалық кәсіподақ атынан алғыс хаттар, төс белгілер мен құрмет грамоталар табыс етілді.

Салтанатты шараға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Алтеев, ҚР Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов, үздік мәдениет қызметкерлері мен кәсіподақ активі қатысты.

Жиында сөз алған «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Алтеев жиналған қауымды Конституция күнімен құттықтап, отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша мәдениет қызметкерлеріне зор алғысын айтты.


Іс-шара барысында Руслан Шеримов мәдениет саласының мамандарын құттықтап, мәдениет саласындағы үздіктеріне салалық кәсіподақ атынан алғыс хаттар, төс белгілер мен құрмет грамоталар табыстады.