Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Конституция күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер, қымбатты достар!

 

Сіздерді мемлекеттік мереке – Конституция күнімен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!
Қай елдің болмасын тұрмыс-тіршілігі қандай да бір заң қағидаттарымен реттелетіні сөзсіз. Осы орайда қазақ елі де өз отауын тіккелі елдің берекесі мен бірлігін сақтайтын заңын қабылдаған болатын.
Еліміз тәуелсіздік алғалы Ата Заңымыз мемлекеттік егемендігімізді, билік пен қоғам құрылымының демократиялық қағидаттарын нығайтты, одан әрі даму бағытын айқындады.
Конституциямыздың қағидаттары мен нормаларын ұстану, құндылықтарын қорғау – бүгінгі және өскелең ұрпақтың басты міндеттерінің бірі.
Ата Заңымызда бүкіл адамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Қазақстан жерінде тұратын барлық азаматтардың теңдігі – біздің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің басты кепілі.
Ұлы даламызда көк байрағы желбіреген, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз аман, жеріміз тыныш болсын
Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!


Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының
төрағасы Сатыбалды Дәулеталин