Мегаполистің мемлекеттік қызметкерлері марапатталды

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы филиалдың мүшелік ұйымы – Шымкент қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, «30 тамыз – ҚР Конституция күнімен» құттықтап, қала әкімі аппаратының бірқатар белсенді қызметкерлеріне салалық кәсіподақтың наградаларын табыстады.


Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласы әкімінің аппараты басшысының орынбасары Асанбаев Бағлан Бағдатұлы мен бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы Бердімұрат Асхат Қайратұлы, «Құрмет грамотасымен» ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторлары Садықбек Берік Есенбайұлы мен Берікұлы Асқар, сондай-ақ «Алғыс хатпен» бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас иснпекторы Тасполатова Динара Маратқызы, бірыңғай персоналды басқару қызметінің әдіскері Ильяс Ахан Камалұлы, құқық қорғау жүйесі бөлімінің іс-қағаздарын жүргізушісі Эмилбекұлы Темірлан марапатталды.