Виктор Васильевич Бакулин 1970 жылы 7 қарашада Павлодар облысы, Успен ауданында Дмитриевка ауылында дүниеге келген. 2002 жылдан бастап Қоңырөзек ауылдық мәдениет үйінің әдіскер-әкімшісі болып жұмыс істейді.
2009 жылы Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжіне түсіп, оны 2012 жылы бітірген. Жұмыс уақытында Виктор Васильевич өзін тамаша маман, жақсы ұйымдастырушы және өз ісінің шынайы ынталы азамат ретінде көрсетті. Оның басшылығымен шығармашылық ұжымдар аудандық және облыстық фестивальдердің тұрақты қатысушылары болып табылады. Ауылдық мәдениет үйінің құрамына екі этномәдени бірлестік – белорус және кабардино-балкар кіреді.
Виктор Васильевич аудандық бард әндері фестивалінің бірнеше мәрте жеңімпазы. Бард әндерінің авторы. Жұмыста жауапты және ұқыпты адам. Әріптестерінің беделі мен құрметіне ие. Бұл салада 30 жыл жұмыс істейді, оның 28-і осы ұжымда жұмыс атқарып келеді.