Бүгін Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев аймақтық телеарнада Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы пікірімен бөлісті.
«Президент елдің экономикалық дамуына, қоғамның жақсы болашаққа тың серпінді сенімін арттыруға бағытталған жолдарды нақтылады, нақты тапсырмаларды айқындады.
Жоғарғы технология, ғаламтор жүйесі қарыштап дамыған қазіргі уақытта жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру, адами еңбекті насихаттап құрметтеу маңызды орын алады. Мемлекет басшысы 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Ел игілігі үшін айтылған ұтымды ұсыныстар дер кезінде сапалы іске асырылады деп сенемін. Жолдауда айтылған заң мен құқық идеологиясын орнықтыру, әлеуметтік-экономикалық бастамаларды жүзеге асыру міндеттерін мемлекет пен қоғам баршамыз бірге орындауымыз қажет» деді сұқбатында бірлестік төрағасы.