Еңбек ұжымымымен кездесу

«Қалың қалай бастауыш ұйым» акциясы аясында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы төрағасының м.а Жарқынбек Құрманбек «Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы» «3-ТЭЦ» АҚ кәсіподақ ұйымы филиалы ұжымымен кездесу өткізді. Сонымен бірге жиынға мекеме бас директоры Оңғарбаев Қайрош Құсайынұлы және бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Қалдыгөзов Талғат қатысты.


«3- ТЭЦ» АҚ-ы қаламыздың тұрғындарының 85% жылумен және 30% электр энергиясымен қамтамасыз ететін үлкен мекеме, құрамында 500 жуық кәсіподақ мүшесі бар.


Кездесу барысында ұжымдық шарт және оның талаптарының орындалуы, еңбек қарым- қатынасы, еңбек және оны қорғау, қызметкерлерге әлеуметтік кепілдік беру, жұмыс орнында қауіпсіз, қолайлы жағдай жасау туралы міндеттер жөнінде айтылды.
Сонымен қатар Жарқынбек Құрманбек бүгінгі күннің өзекті мәселесі, 2024 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде баяндады. Ел Президенті 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарялағаны белгілі. «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген президент сөздері алдағы жылдың негізгі қағидасы болады. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат-Адал еңбек-Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Жұмыстың жамана жоқ, кез келген еңбек- қадірлі. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді,- деп Мемлекет басшысының Жолдауында атап өтілді. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы бұл бастаманы зор ынтамен қабылдады және қолдайтынын білдірді.


Жолдауда Мемлекет басшысы АЭС құрылысын салу бойынша 2024 жылдың 6 қазанда бүкіл халықтық референдум өтетіндігін жариялады. Бұл ретте Кәсіподақтар федерациясы атом электр станциясы құрылысын толық қолдайтынын айта кеткен жөн. Ж. Құрманбек АЭС құрылысы бойынша – тұрақты және арзан электр энергия, экологиялық және атмосфераға зиянды шығарындыларды азаятыны, тиімді тұстарын айтты. Осыған орай атом электр станциясын салу бойынша референдумда ұжымды дауыс беруге, қолдауға шақырды.