Шымкент қаласында жаңадан ашылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы жалпы орта мектебі «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлері салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалы құрамына кірді. Жаңа форматтағы замануи мектеп ұжымында 160 мұғалім жұмыс жасайды, барлығы кәсіподаққа мүшелікке өтіп отыр. Бастауыш кәсіподақ ұйымы төрайымы болып Сапарова Ақтолқын Жарылқапқызы кәсіподақ ұйымы комитеті жиынында сайланды.
Жаңа замануи ғимараты бар Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы мектеп, барлық заман талабына сай материалдық-техникалық жабдықтармен, оқу құралдарымен қамтылған. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Бір ауысымда 3200 бала оқыта алатын мектеп бүгінгі таңда 2600 оқушыға білім беруде.