Президент жолдауы, басым бағыттар

Бүгін Шымкент қаласында Оңтүстік ТВ арнасының тікелей эфирінде АЭС салуды қолдау жөніндегі қалалық штаб мүшесі, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Алтеев Бауыржан Ілімшаұлы Қазақстан Республикасы Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдауын насихаттау мақсатында сұхбат берді.

Жолдаудың еліміздің тыныс тіршілігіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей байланысын ескере отырып, оның маңыздылығын айта кеткен Бауыржан Ілімшаұлы басты бағыттарына тоқталды.
Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осыған орай осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажеттілігін. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттауға тапсырма берілді.


Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл мемлекет ұсынып отырған “Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс” қағидатына толық сай келеді.
Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді деп атап өтті.
Жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, қолайлы жұмыс орнын қамтамасыз ету, лайықты еңбек, лайықты еңбекақы төлеу және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру, дәріптеу кәсіподақтар жұмысының негізгі бағыты. Енді міне бұл ауқымды жұмыс жалпы мемлекеттік сипатқа ие болды.


Сонымен бірге жолдауда айтылғандай Бауыржан Ілімшаұлы ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алып, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, медицина саласындағы білім сапасын барынша арттыру, еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптeстік тетіктері арқылы ресурстарды белсенді тарту туралы айтып өтті.


Жолдаудағы тағы бір басым бағыт экологиялық ахуалды жақсарту, осыған орай қалалық кәсіподақтар төрағасы қаламыздың тұрғындарының, соның ішінде кәсіподақ мүшелерінің қазіргі таңда жүріп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясына белсене қатысқандығын айта өтті.