Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға орай кәсіподақ активінің отырысы өтті. Оған Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің профессоры, Физика-математика ғылымдарының докторы Игорь Спивак-Лавров, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев және салалық, жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Кездесуде референдумда кәсіподақ өкілдеріне салмақты шешім қабылдауға көмек көрсету үшін атом электр станциясын салудың қажеттілігі мен орындылығы туралы түсіндіру.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Атқару Комитеті 2024 жылғы 27 тамызда атом электр станциясын салу жөнінде кәсіподақ мүшелері мен әлеуметтік әріптестерге үндеу жолдады.Онда АЭС тың пайда болуы жоғары жалақы мен сенімді әлеуметтік кепілдіктері бар мыңдаған сапалы жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді .
Шығарындылар мен қалдықтарсыз жаңа буын электр станциясын салу – бұл экологиялық таза және жоғары технологиялық кәсіпорындарға алғашқы және негізгі қадам. Баламалы көздер есебінен энергетикалық проблеманы шешуде бізді халықаралық кәсіподақ қозғалысы да қолдайды.Біз жобаның әлеуеті мен сенімділігіне сенеміз,деп атап өтті үндеу туралы кеңірек баяндаған Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығыың төрағасы А. Әмірғалиев.
Актив отырысында «Қазхром «ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ бірлестігінің төрағасы Әбілқайыр Сотқаров , «Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Раушан Серікова, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Ақтөбе филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Батыс» филиалы бойынша кәсіподақ төрағасы Ғабит Садықов және т.б. референдум туралы өз ойларын айтты.