Қыркүйектің 18-і күні АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб өкілдері Атауов Бауыржан және Щукина Людмила еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департаменті қызметкерлері мен “Тең қоғам” қоғамдық бірлестік өкілдерімен кездесті.
Кездесуде Бауыржан Аяпбергенұлы жаңартылған энергия көздері секторының белсенді дамуы, жаңа тұрақты және экологиялық таза энергияның еңбек саласында лайықты жұмыспен қамтамасыз етудегі маңыздылығы мен артықшылықтарын сөз етті.
Атом электр станциясы Қазақстанға қазіргі энергетикалық мәселелерді шешуге және болашақта тұрақты дамудың негізін жасауға көмектеседі.