Адамзат баласы саналы ғұмырын еңбекке арнайтыны бесенеден белгілі. Сол өзі еңбектеніп отырған ортада абыройлы, сыйлы болу аламның өзіне байланысты. Қажырлы еңбегімен, кәсібіне адалдығымен белгілі болып жүрген жандардың бірі – Оспанов Ғабдолла Асанұлы. Ол, Амангелді ауданы, Қ. Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары болып 15 жыл еңбектеніп келеді.
Еңбек жолын ауданның әлеуметтік саласында үздіксіз қызмет жасап бастаған Ғабдолла Асанұлы соңынан келе жатқан кіші буын жастарға үлгі.
Осы үздіксіз, адал еңбегінің арқасында бүгінгі таңда зейнет жасы 63-ке толып, ұжымдастарының құрметіне бөленді.
Бірнеше мәрте, облыстық мәдениет басқармасы басшысының алғыс хаты мен аудан әкімінің құрмет грамотасы, “Еңбек даңқы” төсбелгісімен марапатталды.
Ғабдолла Асанұлы отбасында екі қыз, бір ұл, жеті немере сүйіп отырған бақытты әке, ардақты ата.