Ақтөбеде «Қамқор» кәсіподағының қолдауымен медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізуге арналған республикалық семинар-кеңес өтті.
Оған Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев, QazMed” медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы ” РҚБ төрағасы Әлиақпар Мәтішев , “Қамқор” Ақтөбе денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы Қайрат Сабыр, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев, «Аманат партиясы» Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данагулов , «QazMed»кәсіподағының кеңесшісі Елжан Біртанов, Парламент Мәжілісің депутаты Зауреш Аманжолова т.б. қатысты.
«Қазақстан Республикасындағы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың құқықтық негіздері» тақырыбында өткен семинарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Тимур Сұлтанғазиев онлайн қатысып,қатысушылар ашық пікірлесті.
Марат Оспанов атындағы БҚМУ медициналық құқық проблемаларын зерттеу институтының директоры Талғат Жұмағазин баяндама жасады.
Семинар-кеңесте медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізудің өзекті мәселелері талқыланды.
Медицина мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының тқрағалары, ұйымдары, кәсіподақ ұйымдары, сақтандыру компаниялары өкілдері қатысқан жиында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру процесін іске асыру үшін пациенттерді қолдау қызметіне сараптама жасау т.б. мәселелер жан-жақты баяндалды.