АЭС салу мәселесі талқыланды

Маңғыстау облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Сәдуақас Бекгалыев Халықтық штаб мүшелерімен бірге “Қазақтеңізкөлікфлоты” ұжымымен АЭС құрылысына байланысты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.


АЭС құрылысын қолдау жұмысын облыстық халықтық штаб мүшесі Орынбасар Тоғжанов жиналғандарға АЭС-тың маңызын, экологияға әсерін және қауіпсіздік мәселерін баяндады. АЭС арқылы энергетикалық сұранысты қанағаттандырып қоймай, сонымен бірге экономикалық және әлеуметтік мәселерді оңтайлы шешуге болатындығы айтылды.

« Атом электр станциясынан қорқудың қажеті жоқ, өйткені АЭС – әлемдегі ең қауіпсіз және тиімді энергия көздерінің бірі. Әлем бойынша экономикалық дамыған мемлекеттердің қатарына қосылу үшін, өз-өзімізді толыққанды электр қуатымен толықтай қамтамасыз етуіміз керек. Еліміздің алға дамытудың бір сатысы – бұл АЭС», – деді Сәдуақас Бекгалыев .

Жиын барысында компания ұжымына АЭС-ті алмастыратын басқа да энергия көздерін дамыту, радиоактивті қалдықтардың халыққа, қоршаған ортаға зияны, Чернобыль мен Фукусимадағы апаттар, өңірдегі экологиялық проблемалар жайлы ұжым атынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.