6 – қазан Қазақстан Республикасы үшін маңызды күн, бұл күні елімізде АЭС салу, не салмау жөнінде бүкілхалықтық референдум өтеді. Аталған референдум қарсаңында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесі де үгіт насихат жұмысы аясында ZOOM конференциясы арқылы жиналыс өткізді. Аталған жиынға еліміздің барлық өңірлеріндегі еңбекші жастар қатысты. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» АКБ-не қарасты кәсіподақ жастары да бұл онлайн жиналысқа қатысушылар қатарында болды.
Жиналысты «Келешек» жастар кеңесі төрағасы Аян Сәлімгереев жастарды референдумға қатысуға үгіттеп, сөз кезегін арнайы шақырылған маман ҚР Ұлттық ядролық орталығы РМК Атом энергиясы институты филиалының реакторлық құрылғыларды әзірлеу және сынау бөлімінің бастығы Нұржан Мұхамедовке берді.
Өз баяндамасында Нұржан Еролұлы атом электр станциясы – ядролық энергияны пайдаланып электр энергиясын өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорын болып табылатынын айтты.
“АЭС жұмысының негізінде атомдар көп жылу бөле отырып анағұрлым кішірек бөлшектерге бөлінетін процессс жатыр. Бұл жылу буға айналатын суды қыздыру үшін пайдаланылады. Бу турбиналарды айналдырады, ал турбиналар өз кезегінде электр энергиясын шығарады. АЭС-лар заманауи әлемдегі электр энергиясының маңызды көзі болып табылады. Олар көмірқышқыл газының барынша аз шығарындыларымен электр энергиясын өндірудің айтарлықтай көлемін қамтамасыз ете отырып, көптеген елдердің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады”,- деді Нұржан Мұхамедов. Осылайша қысқаша бейбіт ядролық энергияның пайдасы туралы айта кетті.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төраға орынбасары Нұрлан Өтешев ҚРКФ-ның қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және жұртшылықтың пікірін ескеру қажеттігін атап өткен үндеуін ұсынды. Ол атом электр станциясын салудың елдің энергетикалық тәуелсіздігі үшін маңыздылығы және кәсіподақтардың бұл жобаны қолдайтыны туралы айтты.