Білім беру марафоны: Тиімді келіссөз – мықты кәсіподақ

Кәсіподақтар федерациясының кәсіподақ мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыруға арналған онлайн білім марафоны жалғасуда. Бұл жолы марафон қатысушылары Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының кәсіподақ активтері болды.

Кәсіподақ қозғалысының идеологиясын ілгерілету мақсатында кәсіподақ кадрларының, кәсіподақ активінің және кәсіподақ мүшелерінің жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетін қалыптастыру –  федерацияның басым бағыттарының бірі.

Онлдайн кездесуді ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова ашып, семинардың барысымен таныстырып, еңбек адамдарының мүдделері мен беделін жан-жақты қорғау мақсатында құқықтық сауаттылықтың маңызына тоқталды.

Семинардың оқыту бөлімін «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы, ҚРКФ лекторлар пулының мүшесі Майра Боранбаева еңбек даулары тақырыбында жалғастырып, қатысушыларға ҚР Еңбек заңнамасының қолдануы аясында теориялық ақпарат беріп, нақты мысал келтіре отырып айтып өтті.

Майра Боранбаева семинарға қатысушылар назарын ұжымдық және жеке еңбек дауларын анықтауға, олардың айырмашылықтарына, келісім және татуластыру комиссияларының жұмыс кезеңдеріне, кәсіпорындар мен ұйымдардағы еңбек төрелігіне аударды.

Спикер еңбек дауларының себептерін анықтау, туындауын талдау және алдын алу, ал олар туындаған жағдайда-еңбек дауларын білікті шешу бойынша профилактикалық кәсіподақ жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, еңбек дауларын шешуде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері, келісу комиссиясына өтініштерді беру және қарау мерзімдері, татуластыру комиссиясы мен еңбек төрелігі жұмысының кезеңдері, сондай-ақ еңбек дауларын сот тәртібімен қарау мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Семинар бұдан әрі сұрақ-жауап форматына ойысып, қатысушылар өз сауалдарына толыққанды жауаптарын алды.

Семинарды қорытындылаған ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін ризашылығын білдірді.

«Бүгін сіздер күнделікті жұмысқа қажетті ақпаратпен қанықтыңыздар деген сенімдеміз.  Семинарға қатысып отырған кәсіподақ белсенділері оны өз игіліктеріне жаратары сөзсіз »,- деді Ләззат Есжанова.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы