Кәсіподақ негізі-бастауыш ұйым

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев «Орал қалалық кітапханалар жүйесі» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

​Онлайн отырыс барысында Орал қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Ганди Шамкелова мекеме бойынша ақпарат берді. Қазіргі уақытта Орал қалалық кітапханалар жүйесінде 17 кітапхана-филиалдары бар. Кітапханада 75 кітапханашы еңбек етуде. Бүгінгі таңда кәсіподақ ұйымының мүшелігінде 106 адам бар.

Кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттары кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау болып табылады. Ұжымда жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымының төрағасы арасында 3 жыл мерзімге негізделген ұжымдық шарт талқыланып, қол қойылды. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жасалған. Ұжымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құрылды, ол еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттар мен кәсіптік жарақаттардың алдын алу бойынша жұмыс беруші мен қызметкерлердің бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ жұмыс орындарында еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды тексеруді ұйымдастыратын техникалық қызметкер жұмыс атқарады»-деп атап өтті.

Кәсіподақ ұйымдарының төрайымы Зоя Жұмашова өз сөзінде ұйым жұмысы жөнінде ақпарат беріп,кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарын жеткізді.

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы бастауыш кәсіподақ ұйымының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдап болғаннан кейін өз сөзінде: «Өкінішке орай жалақының аздығы білікті мамандардың жұмыстан кетуіне және мәдени ошақтар жұмысының әлсіреуіне алып келуде. Қызметкерлер жалақысы да тікелей мәдениет қызметкерлерінің статусына  әсер етеді. Осы бағытта Республика тарапында да, өңірлер тарапынан да ауқымды жұмыстар атқарылуда, соның нәтижесі жалақы 23% -ға өсті.Осы бағыттағы шаралар әлі де жалғасын табады. ҚР еңбек ұйымының 131 конвенциясын ратификациялау бойынша жұмыстар жүріп жатыр»-деп атап өтті.

Нұрлан Сүлейменұлы шара соңында қатысушы тараптарға алғысын білдіріп, көтерілген мәселелерді ҚРКФ әрі қарай үкімет тарапында көтеретінін айтты.

«2020 жылдан бүгінгі күнге дейін 7 мың кездесу өтті. Соның нәтижесінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, еңбеккерлердің жағдайы жақсара түсті. Әрі қарай осы акция жүйелі түрде жалғасын таппақ. Себебі, Кәсіподақтың негізі-бастауыш кәсіподақ ұйымы»-деді ҚРКФ төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар, еңбеккерлерді 6 қазанда өтетін референдумға қатысып, азаматтық позициясын білдіруге шақырды: «Қуат тапшылығы әр жылда 3%-ға өсіп жатыр. Әр түрлі генерацияны жүзеге асырылса да, жеткіліксіз, сол себепті АЭС құрылысы ел экономикасына зор пайдасын тигізеді»-дедіі.

Қазақстан Республикасында 16 мың бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. Бүгінгі таңда әр өңірді қамтыған мыңға жуық кездесу өтті. Олардың ішінде мемлекеттік, жеке сектор, сонымен қатар бірқатар кәсіпорындар мен үкіметтік емес ұйымдар бар.