«Семей қаласының тарихи-өлкетану музейі» КМҚК бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Игликова Жанна мен мәдениет,спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Абай облыстық филиалының төрағасы Оразбекова Гүлнар келісу комиссиясының жұмысы бойынша көмек алу мақсатында «Абай облысының кәсіподақтар орталығы» жанынан құрылған Заң клиникасына жүгінді.
Комиссия еңбек үрдісі кезінде жұмысшы мен жұмыс беруші арасында туындайтын еңбек дауларын қарайтын орган болғандықтан, еңбек дауларын сотқа дейін жеткізбей, жұмысшы мүддесін әділ қорғау жолдарын заң шеңберінде шешу, комиссияны құру, мүшелерінен төрағасы мен хатшысын сайлау сұрақтары қарастырылды.
Кездесу барысында Абай облысының кәсіподақтар орталығының заңгері Ержан Разбеков «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97,98,100 және 101- баптарына толық тоқталып, дәл қолдану және еңбек дауларын қарау тәртібін реттеу жолдарын нақты көрсетіп берді.
Кеңес сұраған кәсіподақ төрағасы көрсетілген құқықтық көмек үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да бірлесіп істеген жұмыста ынтымақтастық орнайтынына сенім білдірді.