Құқықтық көмек көрсетілді

«АМАNАТ» партиясының Павлодар филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды қабылдау өтті.

Қабылдауға «Павлодар облысының еңбек басқармасы» ММ міндетін атқарушы Абылай Сабыров, кәсіби медиатор, ҚРКФ Заң клиникасы филиалының басшысы Марина Иванова, Павлодар облысының заң консультанттары палатасының төрағасы Салтанат Қайдарова қатысты.

Қабылдауға екі өтініш беруші жүгінді.

Бірінші өтініштің мәні-өндірісте алынған кәсіптік аурудың нәтижесінде материалдық залал мен моральдық зиянды өтеу.

Екінші өтініштің мәні-орындалған жұмыс үшін жалақы төлемеу.

Қабылдау барысында өтініш берушілер еңбек заңнамасы бойынша толық құқықтық кеңес алды, сол жерде оларға құқықтық көмек көрсетілді.