ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Атом саласының қызметкерлері күнімен құттықтауы

Құрметті атом саласының қызметкерлері!
Cіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанда жыл сайын 28 қыркүйекте кәсіби мереке – Атом саласы қызметкерлерінің күні аталып өтіледі. Бүгінгі күн саналы ғұмырын атом саласымен байланыстырған Еңбек адамына құрмет пен олардың жолын жалғап келе жатқан буынға дәстүр сабақтастығын жалғастыратын мереке.
Бүгінгі таңда атом өнеркәсібі мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Еліміздің дамуы мен іргелі және қолданбалы ғылымның, жоғары технологиялық медицинаның дамуында атом саласының маңызы зор.
ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Сіздерге мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық, тілеймін!
Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі жолында толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин