ҚР Кәсіподақтар федерациясы Төрағасының Еңбек күнімен құттықтауы

Құрметті әріптестер,қадірлі достар!
Қыркүйек айында бірнеше мереке аталып өтіледі. Соның ішінде барлық саладағы еңбеккерлер үшін ортақ мереке – Еңбек күні.
«Еңбек – өмір мәні» десек, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі.Сіздердің лайықты,қажырлы еңбектеріңіз арқылы Қазақстан дамыған озық елдер қатарына қосылып, өзінің ұлы мұраттарына қол жеткізе алады.
2 миллионға жуық еңбеккерлерді біріктіріп отырған ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан Қазақстан экономикасының қалыптасуына негіз қалаған, қажыр-қайраты мен күш-жүгерін еліміздің өркендеуіне арнаған еңбек ардагерлеріне, аға буынның тәлімгерлік жолын жалғап ерен еңбектің үлгісін көрсетіп жүрген отандастарымызға зор ризашылығымды білдіремін.
Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Еңбек адамының жетістіктері артып,еңбеккерлер әулетінің қатары жыл сайын толыға түссін!
Баршаңызды осы мерейлі мерекелермен шын жүректен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс, зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Еңбек адамының мәртебесі арта берсін!
Ізгі тілекпен,
ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы
С. Дәулеталин