Ақтөбе қаласында Шығармашылық Академиясында АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері қала тұрғындарымен жолықты.
Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев бастаған депутаттар, сарапшылар және қоғам қайраткерлері атом энергетикасының еліміздің экономикасы мен энергетикалық қауіпсіздігіне тигізер ықпалын талқылады. Бұл жиынға облыстық штаб құрамында Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев қатысты.
Атом электр станциясын салуға қатысты Мемлекет басшысы 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында болашақта электр энергиясының тапшылығына ұрынбау үшін елімізге АЭС салу қажет екенін айтқан. Десе де соңғы шешімді жалпыұлттық референдум арқылы халықпен бірлесе қабылдау дұрыс деп атап өтті.
Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттерді атап өтті.