Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының тарихы ХХ ғасырдың басынан бастау алады.
Қазіргі Қарағанды облысының аумағында 1905 жылы 6 желтоқсанда құрылған. Өспен мыс кеніші жұмыскерлерінің одағы ресми түрде елдегі алғашқы кәсіподақ ұйымы.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы құрамына бүгінде 23 салалық кәсіподақ ұйымдары мен 17 аумақтық кәсіподақтар бірлестігі кіреді, онда 16 мыңнан астам бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 2 млн. жуық кәсіподақ мүшелері бар. Ал Жамбыл облысының кәсіподақ ұйымдарында облыс көлеміндегі экономиканың әр саласын қамтитын 14 салалық кәсіподақ ұйымдарында 124 мыңға жуық мүшелер болса, 1404 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар.
Еліміздің өркендеуіне, облысымыздың экономикасының қарқынды дамуына серпін беретін міндеттерді өңірдегі осы кәсіподақ мүшелері біліктілікпен әрі ауызбіршілікпен абыройлы атқарып келеді.
Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен кәсіподақтардың осы айтулы мерекесі еліміздің барлық өңірінде салтанатты түрде аталып өтуде.
Тараз қаласындағы «Ы.Дүкенұлы атындағы Қалалық мәдениет үйінде» Жамбыл облысы кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтарының күні мерекесі осы үрдісті жалғастырып, салтанатты түрде аталып өтті.
Мерекелік салтанатты жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс Мәслихатының төрағасы Абдалы Нұралиев, Париж қаласында өткен Жазғы Олимпияда ойындарының алтын медаль иегері, дзюдошы Елдос Сметов, Жамбыл облысы әкімдігінің бірқатар басқармаларының басшылары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен облыстағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, белсенді мүшелері қатысты.
Алғашқы болып, құттықтау сөз алған облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кәсіподақ мүшелерін кәсіби төл мерекесімен құттықтап, облыстағы бірқатар кәсіподақ қозғалысын дамытуға қомақты үлес қосқан кәсіподақ белсенділерін облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапаттады.
Өз кезегінде Жамбыл облысы Мәслихатының төрағасы А.Нұралиев құттықтау сөз айтып, облыс көлеміндегі кәсіподақ қозғалысына елеулі үлестерін қосып жүрген кәсіподақ өкілдерін Жамбыл облысының Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Салтанатты жиының ресми марапаттауында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Еңбек озаты» төсбелгісімен мақтанышымыз Елдос Сметовты Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов арнайы құттықтады. Сол сияқты Елдос Сметовке «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңқы» төс белгісі табыс етіліп, си-сияпат ретінде шапан-бөрік кигізілді.
Сонымен қатар кәсіподақ белсенділері де «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының арнайы марапаттарымен марапатталды.
Салтанатты жиын соңы концертке ұласып кәсіподақ өкілдеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.