Астана қаласының «Кәсіподақ барысы» жеңімпаздары анықталды

Астана қаласының білім беру қызметкерлерінің Кәсіподағы «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дәне тәрбиесі орталығы және Астана қаласының «QAZAQ KURESI» федерациясымен бірлесіп Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына арналған қазақ күресінен «КӘСІПОДАҚ БАРЫСЫ» іріктеу турнирін өткізді.

Қалалық іріктеу турнирді Астана қаласының білім беру қызметкерлері Кәсіподағының төрағасы Батыр Әлиев салтанатты түрде ашты. Өзінің құттықтау сөзінде ол қатысушыларды Мұғалімдер күнімен құттықтап, қатысушыларға жүлделі орындар үшін табысты және адал күрес тіледі.

Астана қаласының «QAZAQ KURESI» федерациясының атқарушы директоры Болат Нұрсұлтан Кәсіподаққа осындай турнир ұйымдастырғаны және педагогтардың біріншілікке қатысуына алғысын білдірді.

Боз кілемде 20 балуан бақ сынасты. Белдесу нәтижесінде 90 кг-ға дейінгі балуандар арасынан 1-орынды Жұмабеков Айдын, 90 кг-нан жоғары спортшылар ішінен 1-орынды Байгенжеев Әбдіманап иеленіп, Тараз қаласында өтетін республикалық турнирге жолдама алды.