Қызылордада «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалымен Кәсіподақтар күні қарсаңында сала мамандары арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды. Спорт додасы Қызылорда облысының медицина саласының ардагері Өтепберген Наурызбаевты еске алуға арналды.
Турнирге Қызылорда облысындағы жиырма медициналық ұйымдардан кәсіподақ мүшелері қатысты. Турнир жылдам шахмат түрінен 7 тур бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бас жүлдені Облыстық көп бейінді балалар ауруханасының маманы Ә.Сәтбаев, бірінші орынды Облыстық көп бейінді ауруханасының дәрігері Н.Байкубеков, екінші орынды Қазалы темір-жол ауруханасының дәрігері Е.Дәрібай, үшінші орынды Шиелі көп бейінді орталық ауруханасының маманы Қ.Баекеев иемденді.
Шахмат турнирінің қорытындысы бойынша жүлделі орын алған мамандарға және белсене қатысқан ойыншыларға кубоктар, дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.