Елордада бастауыш кәсіподақ ұйымдарының активтерімен кездесулер жалғасуда

«Қызмет» салалық кәсіподағы филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов пен филиал төрағасының орынбасары Әлима Бекназарова «ҚР ІІМ Емханасы бар орталық госпиталь» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күнін мерекелеу аясындағы салтанатты іс-шарасына қатысты.

Салтанатты іс-шараны ашқан «ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь» ММ басшысы Аманжол Бәйменов Филиалдың Атқару комитетіне жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, алдағы кәсіби мерекесімен құттықтады.

Өз кезегінде елордалық филиал жетекшісі Атақозы Нұрланов кәсіподақ мүшелерін келе жатқан Кәсіподақтар күнімен құттықтап, жемісті жұмысы мен еліміздің кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

«Кәсіподақ жұмысының негізі – бірлік пен ынтымақ. Кәсіподақ ұйымының жетістігі көп жағдайда барлық қатысушыларды, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді, қоғамды ортақ мақсаттар мен міндеттерге қаншалықты біріктіретініне байланысты.Осы ретте бастауыш ұйымыңыздың кәсіподақ мүшелігін ынталандырудағы жұмысын атап өткім келеді. Құрметті әріптестер, уақыт тауып, күш-қуат тауып, қоғамдық жұмысқа белсене араласып, белсенді өмірлік ұстанымды ұстанып, әлеуметтік әріптестікті дамыту және нығайту бағытында үлкен әрі нәтижелі жұмыс атқарып жатқандарыңыз үшін рақмет», – деп атап өтті Атақозы Нұрланов.

Салтанатты жиналыс барысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсем Балтабаева бейнеролик пен слайд-презентация арқылы креативті түрде 3 жыл ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Ол кәсіподақ комитетінің жұмысымен, қабылданған шешімдермен және мүшелік жарналарды пайдаланумен таныстырды.

Ұйымда ұжымдық шарт бар, тұрақты негізде қайырымдылық акциялары мен мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. Осылайша, жұмыс берушілермен, кәсіподақпен бірлесіп, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, оқу озаттары, мерейтой иелеріне, кәсіподақ мүшелеріне санаторлық-курорттық емделуге материалдық көмек көрсетіледі.

Сөзін аяқтай келе, Әсем Балтабаева ұжымның жақсы болашағына үлес қосыңыздар деп барлық әріптестерін кәсіподақ ұйымына кіруге шақырды.

Салтанатты жиынға қатысушылар кәсіподақ комитетінің жұмысына жоғары баға беріп, кейбір қызметкерлер кәсіподаққа мүше болуға ниет білдірді.

Осы салтанатты күні көптеген құттықтаулар, алғыс сөздер айтылып, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі, Республиканың кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін көптеген наградалар берілді.

«Қызмет» салалық кәсіподағының «Кәсіподақ қайраткері» медалі «Қазақстан Республикасы ІІМ Емханасы бар орталық госпиталь» ММ басшысы Аманжол Жұмағалейұлы Байменовке тапсырылды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалі «ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь» ММ БКҰ төрайымы Әсем Балтабаеваға табыс етілді.

Атақозы Нұрланов медальдарды табыс ете отырып, Аманжол Байменов пен Әсем Балтабаеваға әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан жеке үлесі және кәсіподақ мүшелігінің деңгейін арттыру жөніндегі белсенді жұмысы үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, Астана қаласы бойынша Салалық кәсіподақ филиалының Атқару комитеті атынан ҚР шипажайларында 20% жеңілдікпен сертификат пен бағалы сыйлық табыс етілді.