Кәсіподақ белсенділері семинарға қатысты

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар мерекесін биыл қазхромдықтар ерекше бір ілтипатпен жоғарғы деңгейде атап өтті. Кәсіби мерекенің бастамасы Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығында салтанатты шарамен басталды. Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және Дөң тау-кен байыту комбинатының  бір топ кәсіподақ көшбасшылары Қазақстан Республикасы кәсіподақ федерациясының Құрмет грамотасы, Ақтөбе облыстық кәсіподақтар орталығының Алғыс  хатымен марапатталды.

Мерекелік шараның жалғасы Дөң тау-кен байыту комбинат  базасында   «Кәсіподақ ұйымының жұмысы барысында  кездесетін  олардың көшбасшылары даулы жағдайларды шешу және талдау жасау»  тақырып аясында оқу семинар, «Мұғалжар» демалыс орнында спорттық ойындар сайысы ұйымдастырылды.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының кәсіподақ белсенділерін жылы шыраймен қарсы алған хромтаулықтар бірінші Мәдениет үйінің төрінен орын алған кеншілердің мұражайымен таныстырды. Металлургтер  86 жылдық тарихы бар кеншілердің өмірінен сыр шертетін  тау – кен ісіне қатысты құнды жәдігерлері мен және кітап қорына бай кітапхананың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Одан кейін оқу семинарға қатасып күнделікті жұмыста кездесетін даулы қайшылықтардың алдын алу, жою сынды мәселелерге бір кісідей атсалысып, өз ойларын ашық жеткізіп, пікірлерімен бөлісті.  Семинар соңында кәсіподақ көшбасшылары сертификатқа ие болды.

Іс-шара табиғаты тамаша «Мұғалжар» демалыс базасында өз жалғасын тауып  ұлттық  ойындар «Асық ату», «Ләңгі тебу»,«Дартс», «Секіру» сынды спорттық сайыста өздерінің бағын сынады. Нәтижесінде достық жеңіп қатысушылар естелік сыйлықтарға ие болды.

Қазхромдықтар осындай  тәжірибе алмасу, оқу семинарлар кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыруға қосатын үлесі көп екендігін тілге тиек етті.