Еңбеккер бейнесінде – спорт дүлдүлі

Кез келген мықты спортшының артында – білікті бапкер тұр. Жеңіс пен жеңілісті спортшымен бірдей көтеретін мамандар көп жағдайда көзден тасада қалады. Жеке жаттықтырушылар спортшының спортқа деген алғашқы қадамын басқызса, өсе келе бас бапкер атлеттің кәсіби спорттағы жолын бағдарлап, жігерлендіріп талпындырды.

Осындай жаттықтырушылардың бірі – Жандос Ошақбаев, 1988 жылы туылған, 1995 жылы Шымкент қаласындағы О.Жандосов атындағы №30 орта мектептің табалдырығын аттап, 2006 жылы орта білім алып тәмамдап шықты.

2006 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша оқуға қабылданып, 2010 жылы мамандық алып шықты. 2011-2016 жылдар аралығында Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында жаттықтырушы болып қызмет атқарды.

2017 жылдың 1-ші қазанынан осы күнге дейін ҚР мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалының  құрамындағы «Шымкент» ойын түрлерінен спорт клубында гандболдан ерлер командасының аға жаттықтырушысы болып қызмет атқарып келеді.

Жандос Ошақбаев – гандболдан Қазақстан Республикасының спорт шебері және жоғары санатты жаттықтырушы.

Жандос Мухтарұлы – өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Шымкент қаласында гандбол ойын түрін –  өркендету бағытындағы жан-жақты жұмыс жасап жүрген маманның бірі. Сонымен қатар, «Шымкент» ойын түрлерінен спорт клубының спортшылары және қызметкерлерге еңбекке деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.

Оның жетекшілігімен гандболдан ерлер командасы Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 2016-2019ж.ж. аралығында екі дүркін жеңімпазы болды. Сондай-ақ Қазақстан Халықтары спартакиадасының екі дүркін жеңімпазы және 2018-2019 жылдары-ҚР Кубогының 2 дүркін жеңімпазы болып атанған. Спорттағы қол жеткізген жетістіктері үшін, спорт және дене шынықтыру істері агентігінің және ҚР-ның гандбол федерациясының дипломдарымен, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының  «Алғыс» хаттарымен марапатталған.

Бүгінгі таңда Жандос Мұхтарұлы өз ісінің ең үздік және тәжірибелі мамандарының бірі болып саналады. Оның жеке мотивациясына келетін болсақ, бұл жаттықтырушы ретінде әр қашан жоғары мақсаттарды қойып, жете біледі Ол үшін ең маңызды мақсаттардың бірі-тек жеңіс деп түсінеді. Спортшылар мен әріптестер арасында да және жанұясында үлгілі отбасы реттінде абыройы зор.