Түркістан қаласында Қазақстан Кәсіподақтар күні мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығына орай, “Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Кәсіподақ барысы” республикалық турнирінің облыстық кезеңі өтті.
Жарысқа облыс аумағындағы 20 білім беру саласының қызметкерлері қатысып, екі салмақта өзара мықтыны анықтады.
Турнирдің ашылу салтанатында «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі сөз сөйлеп, барша қатысушыларды атаулы қос мерекемен құттықтап, турнирдің кәсіподақ мүшелерінің арасындағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайтудағы рөлін ерекше атап өтіп, палуандарға сәттілік тіледі.
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен палуандар белдесулері күрес жанкүйерлерін бей-жай қалдырмады.
Жарыс қорытындысына сәйкес:
70 келіден жоғары салмақта:
1 орын – Агибаев Айшуақ Иманшамилович ( Төлеби ауданы Жеңіс жалпы білім беретін мектебінің дене шыңықтыру пәні мұғалімі)
2 орын – Ахметов Досбол ( Түркістан қаласы , М.Пошанов атындағы №21 жалпы білім беретін мектебінің дене шыңықтыру пәні мұғалімі)
3 орын – Джандыбаев Мухтар ( Сауран ауданы , №3 білім беретін мектебінің дене шыңықтыру пәні мұғалімі ) иеленсе,
90 келіден жоғары салмақта:
1 орын – Ашімов Нуриддин (Сауран ауданы , №3 білім беретін мектебінің дене шыңықтыру пәні мұғалімі )
2 орын – Аманбаев Болат (Төлеби ауданы Жеңіс жалпы білім беретін мектебінің дене шыңықтыру пәні мұғалімі)
3 орын – Рустамханов Сайед (Сауран ауданы , Х.А.Яссауи атындағы №21 жалпы білім беретін мектебінің дене шыңықтыру пәні мұғалімі) иеленді.
Жарыс жеңімпаздарына арнайы медальдар, дипломдар мен қаржылай сертификаттар табысталды. Бұл марапаттар палуандардың қажырлы еңбегі мен дайындықтарының лайықты бағасы болды. Енді турнир жеңімпаздары республикалық кезеңде Түркістан облысының намысын қорғайтын болады. Ұйымдастырушылар олардың республикалық жарыста да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенім артып отыр.