Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Құрылыс кешені мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы «Астана» қалалық филиалының құрылымдық және мүшелік ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өтті.
Филиал төрайымы Тілеулес Мадьярова мүшелік ұйымдардың өкілдері мен әлеуметтік әріптестеріне Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің наградаларын тапсырды.
Көп жылғы адал еңбегі үшін «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Оспан Қайролла Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен марапатталды.
Ол еңбек жолында қарапайым жұмысшыдан құрылыс басшысына дейін зейнеткерлік жасқа жеткен, қазірге уақытта жас әріптестерімен мол тәжірибесімен және білімімен бөлісіп, өндірісте жұмысын жалғастыруда.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрмет грамотасымен «Мемсараптама» РМК бас маманы Мейрам Мусанов, «Астана-Теплотранзит» АҚ екінші ауданның технигі Алтынай Төлекова марапатталды.
Әріптестерімізді осы лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, барлық жоспарларыңыздың жүзеге асуы және жұмысыңызда одан әрі табыс тілейміз!