Бүгін ежелгі Тараз қаласында «Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жарғылық міндеттерді іске асыру қызметінің тәжірибесі туралы» республикалық семинар-кеңесі басталды.
Бұл шара білім беру саласының қызметкерлері мен кәсіподақ ұйымдарының тиімді жұмысын нығайту, тәжірибе алмасу және бір-бірімізбен ақпараттық байланысты арттыру мақсатында өткізіліп отыр. Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім – мемлекетіміздің болашағын қалыптастыратын аса маңызды сала.
Біздің міндетіміз – білім беру сапасын арттыру, педагогтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту. Кәсіподақтың рөлі осы бағытта айрықша маңызды. Біздің бірлестігіміз әрқашан жаңа бастамаларды қолдап, қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсартуға ықпал етуді мақсат етеді.
Семинар барысында тәжірибелі мамандар мен кәсіподақ жетекшілері өз идеяларымен бөлісіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылайды деп сенеміз.
Бұл алқалы шараға Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов, Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева, білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Мұхит Нысанбаев, және еліміздің барлық өңірінен келген білім саласының жетекшілері мен кәсіподақ өкілдері қатысуда.
2 күн болатын семинар-кеңестің бағдарламасы өте көлемді, әрі маңызды.