Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастауыш кәсіподақ ұйымын құру және кәсіподақ қатарын көбейту бағытындағы жұмыстар аясында «Q-медцентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыскерлерімен кездесті. Кездесу барысында кәсіподақтар қозғалысы, заң нормалары, кәсіподақ ұйымын құру тәртіптері, оның қызметі, ұжымдық шарт жасасу туралы түсіндірмелер жасалды. Ұжым жұмыскерлерімен аталған ұйымда кәсіподақ ұйымының құрылуы қолдау тапты, «Q-медцентр» медициналық қызмет көрсететін орталықтың барлық қызметкерлері кәсіподақ мүшесі атануға ниет білдірді. Әрбір кәсіподақ мүшесі кәсіподақтар қозғалысының елеулі бөлшегі, бірлестіктерде бастауыш ұйымдардың үлкенінің де кішісінің де өзіндік орыны бар, әрбір ұжымда кәсіподақ ұйымы болуы қоғам үшін маңызды, осы маңызды қоғамдық күш бүгінгі кездесу нәтижесімен тағы да 28 жұмыскер-кәсіподақ мүшелерімен толығатын болды.