Ұстаздық ету – ұлы жол. Шыңы биік, мінер баспалдағы ауыр жол. Оқу мен тынымсыз еңбектің жолы. Қуаныш пен көз жастың жолы. «Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты» дейді қазақта. Мұндағы «мықты ұстаз» – жаңағы айтылған ұлы жолдың шыңына жетемін деп талпыну. Алда тұрған небір кедергілер мен ауыр асуларды бағындыра алу және оған қарсы тұра білетін ерік-жігер, мықтылық, сабырлық пен төзімділік. Осы қасиеттерді өз бойына ұштастыра білген ұстазымыз Дулат Серикбаев өз ісінің маманы.
Серикбаев Дулат Сайлаубекович 1971 жылы 23-тамызда Қорғалжын ауданы, Шалқар ауылында дүниеге келген.1988 жылы орта мектепті тәмәмдап, ары қарай арман мен мақсат қуып өзінің қалаған мамандығына оқуға түседі. 2015-2017 жылдар аралығында Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің информатика факультетінде оқыды.
Шалқар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде 28 жыл бойы толассыз еңбек етуде. Информатика пәнінің мұғалімі Дулат Серикбаев ерен еңбегін құрметтеп, ұстаз есімін үнемі ұлықтаған. Себебі, ұстаздық ету – үлкен шеберлік. Өз сабағын шеберлікпен қызықты өткізе біледі. Әр сабағына оқушылар тартымды әрі қызығушлықпен қатысады. Дулат Сайлаубекович сабақ берумен қатар спорттық ойындарды да мықты ойнайды. Атап айтатын болсақ: волейбол,футбол, тоғызқұмалақтан әр спартакиада сайын жүлделі орындармен марапатталып, облыста өз бағын сынаған. Қажымайтын қайсарлығы мен батыл мінезінің арқасында үнемі толассыз білім мен үлкен ізденістің үстінде жүреді.
Ардақты ұстаздың ұлы еңбегі тиісінше ұлылықпен бағалануы керек. Өзгенін баласын өз баласындай көріп, оның әрбір басқан қадамы мен жеткен жетістігіне шынайы қуана білген ардақты ұстаз. Сол себепті де ұстаздарымызды ұлықтайық, аялайық, құрметтейік!