Қарттарым – асыл қазынам

Атырау қаласының білім бөліміне қарасты №11 «Таңшолпан» бөбекжай-бақшасының директоры Сара Мерекесова бастаған ұжым және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Райгүл Нұрғожина қоштап, «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында барша ұжым қызметкерлерінің қолдауымен қарттар үйіне барып, үлкен сауапты іс –шара атқарылды.

Естіген құлаққа жағымсыз естілсе де өкінішке орай қазіргі қоғамда бар дүние – «Қарттар үйі» деген атаумен ата-апаларымыз паналайтын орталық бар. Онда жанарлары мұңға толған  110 қарт ата-апаларымыз бар екен. Қарттарымызбен жүздесіп, жанарымыз жасқа толып,тамағымызды өксік кернесе де ата-апаларымыздың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында ән айтып, би билеп,түрлі ойындар ұйымдастырып, концерт қойып қайттық. Концертке келген ата-апаларымызға сыйлық пакеттері ұсынылды. Концертке келе алмай, төсек тартып жатқан қарттарымызға да сыйлық пакеттері таратылды.

Қарттарымызбен осындай кездесу ұйымдастырып берген сол мекеменің мәдени ісі жөніндегі қызметкері Нұраш апайымызға үлкен алғыс білдіреміз. Сөз соңында өскелең ұрпаққа айтарымыз – ата-ана баланы өмірге әкеліп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бар ғұмырын перзентіне арнайды,ал ата-анасы қартайған шағында баласы неге оны бақпайды? Бұл үлкен салмақты сұрақ. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойына  мейірімділік пен қамқорлықты және адамгершілік пен қарапайымдылықты сіңіре білуіміз керек.

«Әлемді мейірімділік құтқарады» деген әдемі сөз бар емеспе? Баршамыз мейірімді болайықшы. Осындай іс-шараға қолдау білдіріп, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған барша ұжымдағы әр қызыметкерлерге ризашылығымызды білдіріп, үлкен алғыс айтамыз.