Кәсіподақ жастарының форумы өтті

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жастар кеңесінен бастамасымен Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының қолдауымен “Жас қаруы білім, білік, тәжірибе” форумы өткізілді.

Аудандық жастар форумының басты мақсаты – аудандағы жас педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, креативті жас педагогтердің ой-пікір алмасу алаңын құру, белсенді кеңес мүшелерін ынталардыру, жас мамандарды кәсіподақ қозғалысына жұмылдыру. Форум барысында педагогикалық тәжірибе аламасумен қатар инновациялық идеялар да айтылды.

Басқосуда аудандық білім бөлмінің басшысы Талғат Әбен форум жұмысына сәттілік тілеп, ауданның үздік жас мамандарына алғыс хаттар табыстады.

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының маманы Айжарық Серімбетов мұғалімнің миссиясы мен сол мамандықтың құндылығына тоқталып, кәсіподақ жұмысының негізгі бағыттары, жастармен жұмыс туралы баяндады.

Жастар форумында Қобыланды батыр атындағы орта мектебінің мұғалімі Нұрниет Қайрат «Бүгінгі жас маман қандай болу керек?», Бесқұдық орта мектебінің мұғалімі Раймгүл Мырзабек «Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма?», Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Бейбіт Қалжігітова «Трендтегі педагог – замануи бейне» тақырыбы бойынша ТЕDx фоматта баяндама жасады.

Бұдан бөлек, тәжірибелі мұғалімдер пікірталас алаңдары мен шеберлік сыныптарын өткізді. Жас ұстаздарға Кәсіподақ жастарының жаңа мүмкіндіктері, театр-өмір айнасы, ғажайып гипстің сыры сияқты маңызды тақырыптар бойынша тренингтер ұсынылды. Басқосіда ауданның жас мұғалімдер форумына қатысқан педагогтер де өз білгенін ортаға салып, сабақ беруде қолданатын түрлі әдіс-тәсілдерін бөлісті.

Форум соңында Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Қуанышкерей Ибраев ауданның белсенді жас мамандарына облыстық кәсіподақ ұйымының алғыс хаттары мен Түркістан қаласына тарихи-танымдық саяхатқа жолдама табыстады.

Еңбек жолдарын енді бастаған жас мамандар өздеріне көрсетілген құрметке ризашылықтарын жеткізіп, пікірлерін білдірді.