Абай облысының оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы Абай ауданының орталығында білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен келісім комиссиясы мүшелеріне «Әлеуметтік әріптестік», «Білім беру ұйымдарындағы келісім комиссиясы» тақырыбында оқыту-семинарын өткізді. Семинарға сексеннен астам бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысты.
Оқыту семинардың модераторы Абай ауданы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Мақсат Жарылғапов болды. Ол аудан бойынша білім мекемелеріне оқыту семинарын өткізу жоспарланғанын атап өтті.
Ал Абай облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Нұргүл Абдулкаримова семинар спикері болды. Ол семинар жұмысының барысында әлеуметтік серіктестік жүйесі мен өкілдеріне олардың негізгі міндеттері туралы атап өтіп, Бас, салалық, өңірлік келісімдердің, мазмұндарымен таныстырды. Сонымен қоса, семинарда еңбек даулары туралы, білім беру ұйымдарында келісім комиссиясын құру тәртібі мен қызметі мәселелері де түсіндірілді.
Семинарға қатысушы келісім комиссияларының мүшелері өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, пікір алмасты, түрлі ситуациялық жағдайлардың алдын алу мәселелері туралы ойларын ортаға салды.
Семинардың соңы диалог форматына көшіп, оның барысында спикерлер қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және жеке консультациялар да өткізді.
Семинар қортындысында Абай ауданы бойынша білім мекемелерінің келісім комиссиясы мүшелеріне арнайы оқыту семинарының сертификаттары табысталды.