Ауыл шаруашылығының үздіктері марапатталды

«ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Ақтөбе филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында «Ақтөбе-нан» өнімдері комбинатына барып, бір топ үздік еңбеккерлерді құттықтады.

Нан комбинатында барлығы 230-дан астам адам еңбек етеді. Олар Салалық кәсіподаққа қарасты бастауыш ұйымға мүше.

«Кәсіпорында жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы мәселесіне ерекше ден қойылған. Кәсіпорын мен жұмысшылар арасында ұжымдық шарт жасалған. Осы ұжымдық арт аясында бірпқатар әлеуметтік кепілдіктер арқылы жұмысшылардың еңбек жағдайлары жақсарып келеді» , деп атап өтті салтанатты шарада  ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы ҚБ Ақтөбе филиалының төрағасы Тұрақбай Сұлтанғалиев.

Ұзақ жылдарғы жемісті еңбегі үшін нан зауытының бастығы Сара Жұмағалиева , макарон фабрикасының меңгерушісі Надежда Гудимова Салалық кәсіподақтың «Елеулі еңбегі үшін» медалімен, цех слесары Ербол Бақыршин « Еңбек даңқы» 3-ші дәрежелі медалімен марапатталды. Кәсіподақтың құрмет грамотасымен көлік цехының жүргізушісі Сергей Молокумов, дайын өнімдер бөлімінің жұмысшысы Балзина Сауытова, нан зауытының машинисті Салтанат Сабурова  т.б. еңбеккерлер марпатталды.

Әлеуметтік әріптестер нан зауытының директоры Оразғали Бикжанов пен директор орынбасары Роза Габидуллина кәсіподақ жетекшісіне ризашылықтарын білдірді.

Бұрыннан «Нан комбинаты» деген атпен танымал болған бұл мекеменің тарихы сонау 1938 жылдан басталады. Кәсіпорын 2003 жылдан бастап «Ақтөбе-нан» ЖШС болып қайта құрылды.

«Ақтөбе-нан» ЖШС бүгінгі күні нан-бөлке, макарон және кондитер өнімдерін шығарады. Кәсіпорын қала нарығын тәулігіне 9 тоннадан астам нан-бөлке және  макарон өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.

«Нан комбинаты» өнімдерінің ассортиментін жыл сайын ұлғайтып келеді. Қазір комбинат өнімдерінің түрлері 60-тан асады.