Кәсіподақ әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетті

Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы құрамындағы ірі әлеуметтік қызмет үйінің бірі ол – «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығы, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы маңызды мекемелердің бірі. Ол қариялар мен мұқтаж адамдарға жайлы орта, күтім мен қолдау көрсету мақсатында құрылған.


Қазіргі таңда орталықта 322 адам тұрақтанды. Бұл орталықта тұратын қарттар мен әлеуметтік жағынан әлсіз топтар өкілдеріне арнайы қызметтер, медициналық көмек, психологиялық қолдау, мәдени және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. “Шаңырақ” әлеуметтік қызмет орталығы – жылы атмосфера мен қамқорлық ордасы, мұнда әр адам өзіне қажет қолдауды таба алады. Сонымен қатар, орталықта жақында ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қызмет алушыларға қолайлы жағдайлар жасалған.

“Шаңырақ” әлеуметтік қызмет орталығында игілігі мол жұмыс атқарып жүрген әлеуметтік қызметкерлердің адал да, тыңғылықты еңбектерін атап, бағалау өте маңызды, осы бағытта Алматы қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы төрайымы Данагүл Мұхамедкерімқызы үздік және көпжылдық тәжірибесі бар қызметкерлерді арнайы марапаттады. Нақтырақ айтсақ, Гүлнар Оразбекова – әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманына «Әлеуметтік саланың үздігі» “Қызмет”Салалық кәсіподақтың медалі, Күләш Қайыпқожаева – мейірбикеге салалық кәсіподақтың «Құрмет» грамотасы табысталды. Ал қалалық кәсіподақ ұйымының «Құрмет» грамотасымен орталығымыздың бірқатар қызметкерлері мараппатталды.


Осындай іс-шаралар арқылы әлеуметтік қызметкерлердің еңбегін бағалап, олардың жұмысына қолдау көрсету -ұжымның ынтымағына, бірлігіне жетелейді.
“Еңбек өмір мәні” десек, әр салада кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген Еңбек адамының жетістіктері арта берсін!