Турин қаласында Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) ұйымдастырған «Гендерлік теңдік, жауапкершілікті іскерлік мінез-құлық және адам құқықтарын тексеру» тренингі өз жұмысын аяқтауда. Іс-шараға ұлттық кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, әлеуметтік қызметкерлер мен әртүрлі елдерден, соның ішінде Қазақстаннан еңбек саласындағы сарапшылар жиналды.
Тренингке елімізді Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Нина Османова таныстырды.
Тренинг 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму саласындағы БҰҰ күн тәртібінің негізгі элементі ретінде гендерлік теңдікті ілгерілетудің және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Нина Османова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және жұмысшы әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі міндеттемесін тілге тиек етті.
«Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы гендерлік теңдік мәселелеріне үлкен көңіл бөледі. Кәсіподақтардың гендерлік саясатының негізгі мақсаты – әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету және әйелдердің еңбек әлеміндегі орнын нығайту. Бүгінде одақтың 1,6 миллион мүшесінің 54 пайызын әйелдер құрайды. Сонымен қатар, кәсіподақтардың басқару органдарында әйелдер өкілдігінің айтарлықтай артуы байқалады», – деді ҚРКФ Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.
ХЕҰ тренингі қатысушыларға үздік халықаралық тәжірибемен танысуға мүмкіндік берді.
Халықаралық сарапшылар Юлия Гершинкова (ХЕҰ, көпұлтты кәсіпорындар және жауапты бизнес бөлімі), Клаудия Каллегари және Лаура Пасина (ХЕҰ Халықаралық оқу орталығы) еңбек өмірінің барлық кезеңдерінде гендерлік теңдікті ілгерілетуді қоса алғанда, білім беру мен кәсіптік даярлыққа қол жеткізуден бастап лайықты еңбекақы мен мансаптық мүмкіндіктерге дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтыды.
Сонымен қатар тренингке қатысушылар гендерлік ерекшеліктерді ескере отырып, іскерлік ортадағы адам құқықтарын қорғау тетіктерін зерттеді.
Гендерлік теңдік пен лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық еңбек стандарттарына ерекше назар аударылды.
Тренингке қатысушылар халықаралық кәсіпорындарға арналған ХЕҰ декларацияларын және еңбек саласындағы іргелі қағидаттар мен құқықтарды қоса алғанда, жауапты бизнесті жүргізудің халықаралық құралдарын егжей-тегжейлі талқылады.
Бұл қағидаттар мемлекеттердің, жұмыс берушілердің және жұмысшылардың бірлестік бостандығы, мәжбүрлі еңбек пен балалар еңбегін жою, кемсітушілікті жою және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету сияқты негізгі адами құндылықтарды қолдаудағы міндеттемелерін растайды.
ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы