Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бас кеңесінің құрамына кірді

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бірауыздан Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясының Бас кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Мұндай шешім 5 желтоқсанда Бразилияда өткен Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы Бас кеңесінің 35-ші отырысында қабылданды, ол өзекті мәселелерді талқылаумен қатар әлемдік кәсіподақ құрылымының жаңа басшылығын сайлаумен ерекшеленді.

Атап айтқандай, Сатыбалды Дәулеталиннің ХКК Бас кеңесіне мүше болуы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұлттық және халықаралық деңгейде қызметкерлердің құқықтарын қорғауға қосқан үлесін мойындаудың дәлелі болды.

Айта кетейік, осыдан бір жыл бұрын ҚРКФ Төрағасы Сатыбалды Дәулеталин 90 ұлттық кәсіподақ орталықтарын біріктіретін ХКК-ның Бүкілеуропалық аймақтық кеңесінің (БЕАК) вице-президенті болып сайланған еді.

Осылайша, қазақстандық кәсіподақ жетекшісінің ХКК Бас кеңесіне сайлануы оның Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының халықаралық ықпалын нығайтудағы дәйекті жолын көрсетеді.

Сонымен қатар отырыс аясында Әзербайжан Кәсіподақтар конфедерациясының төрағасы Сахиб Мамедов ХКК вице-президенті лауазымына бекітілді.

Сондай-ақ Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының ХКК-ға мүше болу туралы өтініші де қаралып, жиналысқа қатысушылар тарапынан қолдау тапты.

Жалпы отырыс халықаралық кәсіподақ қауымдастығының алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылауға арналды. ХКК президенті Акико Гоно өзгермелі жаһандық ландшафт жағдайында тиімді стратегияны қалыптастыру үшін жүргізіліп жатқан талқылаулардың маңызын атап өтті.

ХКК Бас хатшысы Люк Триангл ұйымның өткен кезеңдегі қызметі туралы  баяндамасын ұсынып, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу және жұмысшылардың құқықтарын қорғаудағы ұжымдық әрекеттің маңызына баса назар аударды.

Бразилияның еңбек министрі Луис Мариньо өз сөзінде өзекті жаһандық мәселелерге, соның ішінде қарқында дамып жатқан жасанды интеллект пен жұмысшылардың құқықтар алгоритмдерінің қауіпті болуы, климаттың өзгеруімен күресу және әділ салық салуды қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Ол сондай-ақ Бразилияның жаңа жұмыс орындарын құру, тең еңбекақыны қамтамасыз ету және ең төменгі жалақыны көтерудегі айтарлықтай жетістіктерін баяндады.

Бас кеңестің отырысы 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын қабылдаумен және 2027 жылдың қарашасында Австрияда өтетін ХКК 7-ші конгрессіне дайындықты талқылаумен аяқталды. Жиынға қатысушылардың пікірінше, бұл шара ұйымның болашақ стратегиялық мақсаттарын айқындауда және оның дүниежүзіндегі еңбекшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы рөлін күшейтуде маңызды қадам болмақ.

Анықтама үшін: Халықаралық кәсіподақтар конфедерациясы (ХКК) – әлемдегі ең ірі кәсіподақ бірлестігі. Конфедерация әлемнің 154 елінде 168 миллион жұмыс істейтін 307 мүшелік ұйымнан тұрады. ХКК 2006 жылы 1 қарашада Халықаралық еркін кәсіподақтар конфедерациясы мен Дүниежүзілік еңбек конфедерациясын біріктіру арқылы құрылды. ХКК-ның негізгі мақсаты мен міндеті кәсіподақ мүшелігін ұлғайтуға және жалпы кәсіподақ мүдделерін әлемдік ауқымда ілгерілетуге жәрдемдесу болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы